Қостанай облысында болған өрттің салдарын жою

Қостанай облысында болған өрттің салдарын жою

Орман шарушылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Н.Н. 27-28 қыркүйек аралығындағы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қостанай облысының әкімімен жұмыс кездесуін өткізді.

Онда 2022 жылғы 2-10 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ және "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" КММ аумағында болған орман өртінің салдарын жою мәселелері талқыланды.

Орманды қалпына келтіру жұмыстарына және оларды орындау мерзімдеріне ерекше назар аударылады.

Жұмыс тобы сапар барысында "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ және "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" КММ орман питомниктеріне барды.

Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылығымен, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, сондай-ақ Қостанай облысының орман мекемесінің басшыларымен бірлесіп " Семиозерное орман шаруашылы мекемесі" КММ аумағында қосымша кеңес өткізілді. Жиын  барысында кеспеағаштарды бөлу, сондай-ақ орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қосымша күштер мен қаражат бөлуге байланысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Бұдан басқа, жұмыс сапары барысында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысымен бірлесіп, Қостанай облысының аумағында ірі орман өртінің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар талқыланды, айта кету керек, оның қорытындысы бойынша Жол картасы әзірленді.