Вице-министр Ә.Шалабекова Ұлыбритания Елшісінің орынбасарымен кездесу өткізді

Вице-министр Ә.Шалабекова Ұлыбритания Елшісінің орынбасарымен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә. Шалабекова Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісінің орынбасары Джонатан Тимоти Виттонмен "СОР-15" биологиялық әртүрлілік  конвенциясы және Water Tracker "COP 27" жобасы бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Ә. Шалабекова:

- биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны ұтымды пайдалану Министрліктің басты мақсатының бірі болып табылатынын, сондықтан аталған бағытта жедел және жүйелі түрде шаралар қабылдануда екенін айтты.

Қазақстан бірқатар халықаралық экологиялық келісімдер жүргізді, олардың арасындағы базалық Конвенция - ол биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция болып табылады. Қазақстан биоалуантүрлілік туралы Конвенцияны 1994 жылы ратификациялады.

Сонымен қатар, Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері ұлттық Климаттық жоспарлауға арналған "Water Tracker" жобасын таныстырды.

Ә.Шалабекова Ұлыбритания елшісінің орынбасары Джонатан Тимоти Виттонға осы бағыттар бойынша ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, аталмыш бағыттарды дамыту бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.