
2022 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мейрембеков Қайрат Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.
Мейрембеков Қайрат 1964 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Сібір орман техникалық институтын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы орман шаруашылығы инженері, экономист.
1981 жылдан 2001 жылға дейін - мемлекеттік, коммерциялық және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеді.
2001 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР АШМ Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің бас маманы.
2007 жылдан 2014 жылға дейін - бөлім, басқарма басшысы, ҚР АШМ, ҚОСРМ табиғи ресурстар департаменті директорының орынбасары.
2014 жылдан 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас кеңесші, бас инспекторы.