
Басаман және Семиозер ОШММ аумақтарында шыққан өрттің жалпы ауданы шамамен 43 мың га құрады. Орман өрті толықтай сөндірілгеннен кейін оның нақты аумағы мен табиғатқа келтірілген залалы анықталатын болады.
Айта кетейік, ірі өрт басталғаннан бері Қостанай облысының 4 кентінен - Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналыдан барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Жедел штабтың мәліметінше, 90-ға жуық тұрғын үй өртке оранған.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.