Өрт 43 000 гектарды қамтыды, орманды аумақтың ауданы анықталуда

Өрт 43 000 гектарды қамтыды, орманды аумақтың ауданы анықталуда

Аманқарағай, Озерное және Лесное кенттерінде барлығы 108 ғимарат, соның ішінде үйлер, жеке құрылыстар өртке оранды.
Қазіргі уақытта Аманқарағай және Лесное мұнай базасының аумағындағы өрт толық жойылды. Сондай-ақ Аманқарағай және Озерное ауылдарының тұрғын үйлеріне өткен өрт сөндірілді.

10-ға жуық адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алған. Тұрғындар мен өрт сөндіруге қатысушылар арасында қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өртпен күрес жалғасуда-оны сөндіруге 605 адам, 96 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Екпінді жел жұмысты қиындатып тұр.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 4.09.2022 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында ауа температурасы +28 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 9 м/с жетеді.

Айта кету керек, Қостанай облысында бір мезетте 3 аумақта табиғи өрт сөндіріліп жатыр-Қарабалық, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандарында.
Оқиға орнына кеше түнде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А.Брекешев аттанған болатын.