Қостанай облысындағы өрт аумағы 9400 гектардан асты

Қостанай облысындағы өрт аумағы 9400 гектардан асты

Өрт сөндіру жұмыстары Қостанай облысының бірден төрт аумағында жүріп жатыр-Қарасу, Қарабалық, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандарында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 350-ден астам адам, 60 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 4 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Қостанай оьлвсының 1841 тұрғыны эвакуацияланды, оның ішінде Аманқарағай кентінің солтүстік бөлігінен 1000, Озерное 250, Калинин 228, Лесное кентінен 363 адам эвакуацияланды.

Оқиға орнына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешев шықты.