Озерный кентінің тұрғындары эвакуацияланды

Озерный кентінің тұрғындары эвакуацияланды

2022 жылдың 2 қыркүйегінде орман күзетінің қызметкерлерімен Қостанай облысындағы Кондратьев орманшылығының аумағынан өрт шыққаны байқалған болатын.
Өртті сөндіруге “Қазавилесохран" РМҚК, орман шаруашылықтарының, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазір оқиға орнында 300-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, 100-ге жуық техника жұмылдырылған.
Өрт орнында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е. Н.Құтпанбаев бар.
Қазіргі уақытта өрт ауданы шамамен 2000 га құрайды.