«Пісте мен сортты бадам өсіруді дамыту әлеуеті»

«Пісте мен сортты бадам өсіруді дамыту әлеуеті»

Ағымдағы жылдың 22-25 тамызында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы, "Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ" директоры Мошкалов Бейбіт Мырзабайұлымен, "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК Дендрология зертханасының меңгерушісі Зверев Николай Евгеньевичпен бірлесіп, "Орталық Азиядағы климаттың өзгеруін ескере отырып, интеграцияланған жер пайдалану" өңірлік бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен "Орталық Азия елдерінде интеграцияланған жер пайдалану қағидаттарын қолдана отырып, пісте өсіру мен сортты бадамды дамыту әлеуеті" атты аймақтық семинарға қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты Орталық Азияның бес елінде: Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда, Өзбекстанда жаңғақ жемістерін (пісте өсіру) өсіру бойынша мәселені дамытуда тәжірибе мен білім алмасу болып табылады, сондай-ақ семинар барысында Қазақстанда жаңғақ жемістерін өсіруге жерді біріктірілген пайдалануды енгізу перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ семинарға пісте өсіру және орман секторында интеграцияланған жер пайдалану тәсілін қолдану бойынша тәжірибе алмасу үшін Түркиядан орман шаруашылығы саласының өкілдері шақырылды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылармен Орталық Азия елдерінде пісте шаруашылығын дамыту және нығайту мақсатында Өзбекстан Республикасында мүдделі тұлғаларды (фермерлер мен орманшыларды) оқыту үшін өңірлік далалық мектеп құру мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар барысында қонақтар Самарқанд облысының Джамбай қаласындағы пісте мен сұрыпты бадамның аналық плантациясы өсетін Галь тәжірибелік учаскесіне, сондай-ақ жемістерді микро-клондау жөніндегі жеке зертханасына барды.

Аталмыш экскурсиялар аясында Өзбекстанның пісте және бадам плантацияларын құру жөніндегі тәжірибесімен танысуға, Орталық Азия елдерінің аумақтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңғақ жемістерін табысты өсіру үшін қолданылуы мүмкін жаңа білім алуға мүмкіндік туды.

Бұл бағыттағы жұмыс іске асырылатын болады.