Арал теңізінің құрғаған түбін кешенді ғылыми бағалау және цифрлық картаға түсіру жүргізілді

Арал теңізінің құрғаған түбін кешенді ғылыми бағалау және цифрлық картаға түсіру жүргізілді

Ағымдағы жылғы 25 тамызда экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларын және ГАЖ пайдалана отырып, Арал теңізі құрғаған табанының Қазақстандық бөлігінің табиғи және экологиялық критерийлерін кешенді зерттеу жүргізу бойынша кеңес өткізді.

Аталмыш жиынға экология вице-министрі Ә.Шалабекова, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ), халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы өкілдігі, "Астана"халықаралық ғылыми кешенінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ)  жобасы аясында  орындалған заманауи рельеф пен АТҚТ табиғи экожүйелерін цифрлық картаға түсіру нәтижелері таныстырылды және болашақта жүзеге асырылатын  қадамдар талқыланды. Атап айтқанда, аймақтың климаттық сипаттамаларының карталары, топырақтың, гидрогеологияның, өсімдіктердің, экологиялық қауіпті аймақтардың карталары, зерттелетін аумақтың климаттың өзгеруінің ұзақ мерзімді болжамы ұсынылды. Сонымен қатар, сарапшылар табиғи жүйелерді одан әрі бақылау, Арал теңізінің құрғаған  түбіне ағаш отырғызу бойынша ұсынымдар жасады.

Айта кету керек, «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ)  жобасы аясында дайындалған АТҚТ-да фитомелиоративтік шаралар жүргізу үшін халықтан ерікті жарна қарастыруға арналған интернет платформа таныстырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша, министр Арал теңізінің құрғаған табанында ағаш отырғызуды  ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде  атқарылған жұмыстар мен ғылыми деректердің қорытындыларын одан әрі пайдалануды тапсырды.