
Аталмыш мәселе бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті болып табылады.
Комитет өсімдіктер мен жануарлар дүниесін әкелуге/әкетуге қатысты мемлекеттік қызметтердің төмендегідей түрлерін жүзеге асырады:
- Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру;
- Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру;
- Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру.
Жоғарыда аталған қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
фото: Yuriy75