
Ағымдағы жылдың 13 тамызында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Л.Шалабекова, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Д.Ғ.Тұрғамбаев пен Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Н.Р.Қонысбаев «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапарымен келді.
Бірінші кезекте Сарқан орман тұқымбағының жұмысымен танысып, ары қарай ұлттық парктің ұжымымен кездесу өтті, қазіргі таңда паркте 185 қызметкер жұмыс атқаруда. Ұлттық парктің бас директоры М.Н.Кабиев мекемеде әр сала бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Кездесу барысында ЕҚТА аумағындағы ғылыми қызметті, орман қорын күзету және молықтыру жұмыстарының жүргізілуі тыңдалып, сонымен қатар парк аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген A-GPS Tracker бағдарламасы көрсетілді.
Кездесуден кейін топ ұлттық парктің аумағын аралап, №3 туристік маршрут «Ғылыми-танымдылық туры» (Сиверс алма ағашының табиғи жабайы түрде өсетін ормандар алқабы), №2 туристік маршруты «Төменгі Жасылкөл» көлін аралап, маршрут бойындағы экологиялық туризмді дамыту үшін ұзақ мерзімге берілген жер учаскелері "Каспий қоғамдық университеті" АҚ және «Алатау Сафари» ЖШС туристік объектілерін аралап өтті.
Іс-сапар соңында Лепсі ауылында орналасқан ЖШС «Лепсі өнімі» зауыты көрсетіліп, қазіргі таңда зауытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысып өтті.