Алматы қаласында және Алматы облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Алматы қаласында және Алматы облысында   "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы"  Заң нормаларын түсіндіру

2022 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л.Шалабекованың төрағалығымен, ветеринария, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармасының, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері және орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңес өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының негізгі нормалары түсіндірілді, қоғамның ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас жануарларды аулау, ұстау, жансыздандыруды  ұйымдастыру кезінде,  кеңес барысында айтылған ақпараттарды назарға алу, онымен қатар, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алматы облысы ветеринария басқармасының жергілікті жерлердегі жағдай туралы берген ақпараттарын  назарға алу, Алматы қаласының зоо-қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша Меморандум жасау тапсырылды. Сондай-ақ, Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі және білім басқармасымен бірлесіп, халық арасында, жануарларды ұстау және серуендету қағидаларын, оларға қатыгездік танытққан жағдайда қарастырылған жауапкершілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу тапсырылды.