
Ағымдағы жылдың 12 тамызында Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Т.Ж. Мендіғалиевтің төрағалығымен, Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, БҚО облысы қала жəне аудан əкімдіктері, "Доброе сердце" зооқорғаушы ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Жиында “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының талаптарын іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланып, зооқорғаушылардың ұсыныстары тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан жəне қала әкімдіктеріне жануарларға арналған панажайлар мен уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлуді қарастыру, сондай-ақ қала аудан аумағындағы қаңғыбас жануарлардың аулау жұмыстарын Заңды басшылыққа ала отырып жүргізу, қала, аудан тұрғындары арасында үй жануарларын, оның ішінде ит, мысықтарды ұстау тәртібі, қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қоғамдық бақылау жүргізу тəтібі туралы түсіндірме жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.