Атырау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Атырау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы О.А.Холов төрағалығымен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Атырау облысының қала жəне аудан  əкімдіктері, "Доброе сердце" зооқорғаушы ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Жиында “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы"  Заңының талаптарын іске асыру барысында туындаған  мәселелер талқыланып, зооқорғаушылардың ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан жəне қала әкімдіктеріне жануарларға арналған панажайлар мен уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлуді қарастыру, сондай-ақ иесіз үй-жайларды осы мақсаттарға беру, қала аудан аумағындағы қаңғыбас жануарлардың санынреттеу жұмыстарын Заңды басшылыққа ала отырып жүргізу, қала, аудан тұрғындары арасында үй жануарларын, оның ішінде ит,мысықтарды ұстау тәртібі, қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қаңғыбас жануарларды аулау тәртібі туралы түсіндірме жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.