Маңғыстау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Маңғыстау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндітін атқарушы Е.Н. Құтпанбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Маңғыстау облысы, қала жəне аудан  əкімдіктері, «Шанс» зооқорғаушы ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Жиында “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының талаптарын іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланып, зооқорғаушылардың және жұртшылықтың ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдіктеріне жануарларға арналған панажайлар мен уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлуді қарастыру, сондай-ақ иесіз үй-жайларды осы мақсаттарға беру, қала, аудан аумағындағы қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жұмыстарын, Заң аясында жүргізу, қала, аудан тұрғындары арасында үй жануарларын, оның ішінде ит,мысықтарды ұстау тәртібі, қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қаңғыбас жануарларды аулау тәртібі туралы түсіндірме жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.