Қостанай облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

Қостанай облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру

2022 жылғы 10 тамызда Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы А.Б.Шектібаевтың төрағалығымен, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Қ.Х.Чумакаевтың, ветеринария, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармасының, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қалалар мен аудандардың ветеринарлық станциялары, қоғамдық ұйымдар қатысуымен кеңес өтті.

Жиында облыстық ветеринария басқармасының басшысы

А.Б.Шектыбаев облыс әкімдігінің жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы Заңнаманы іске асыру барысы туралы, биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы

Т. К. Шамшадин жануарларды аулау және серуендету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мәртебесі туралы ақпарат ұсынды. ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Қ.Х.Чумакаев "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі нормаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, жануарларға жауапкершілікпен  қарау саласындағы Заңнаманы іске асыру барсында туындаған  мәселелері талқыланды (жануарларға арналған баспаналар салу үшін учаскелер бөлу, жануарларды вакцинациялауға, стерилизациялауға қаржыландыру бойынша есептер және т.б.). Облыс әкімдігінің қарауына зоологиялық қорғау ұйымдарының ұсыныстары қабылданды.

Кеңес қорытындысы бойынша, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша баспаналар мен уақытша ұстау пункттерін салу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. "Аудандардың мен қалалардың ветеринариялық станциясы" КМК басшыларына – қаңғысбас иттер адам денсаулығына қауіп төндерген кезде және оларды аулау туралы өтініш түскен кезде, шаралар қабылдау қажет. Ветеринариялық қызметтер жануарларды есепке алудың бірыңғай базасын жүргізуге қажетті ресурстарды дайындауы керек.