Ұлытау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Ұлытау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылдың 10 тамызында экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың төрағалығымен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары У.Үсеновтың, ветеринария басқармасының басшысы А. Әбдікердің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Ұлытау облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңды жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері талқыланып, Заң нормалары түсіндірілді, жұртшылықтың ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша, аудан әкімдіктеріне уақытша ұстау пункттері мен жануарларға арналған баспаналар салу үшін жер учаскелерін бөлу, сондай-ақ иесіз үй-жайларды осы мақсаттарға беру бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.