
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрқуат Райымбекұлы Конусбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
Нұрқуат Конусбаев 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1994 жылы – Қазақтың еңбек Қызыл ту ордені ауыл шаруашылығы институтын, .2012 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы «Басши» совхозының жұмысшысы болып бастады.
2002-2022 жылдар аралғында «ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманынан бастап басшылық қызметіне дейінгі қызметтерді атқарды.