Павлодар облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Павлодар облысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылғы 9 тамызда Павлодар облысы әкімінің орынбасары

М. Өтешовтың төрағалығымен, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Р. Есмағұловтың, ветеринария, ауыл шаруашылығы, энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, құрылыс, қаржы, аумақтық инспекциялар басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, құқық қорғау органдары өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен кеңес өтті.

Жиын барысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңның нормалары түсіндірілді, Заңды іске асыру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Жануарларды қорғау ұйымдарының ұсыныстары тыңдалды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша жануарларға арналған баспаналар жоқ.

Осыған байланысты, кеңес қорытындысы бойынша Павлодар облысы әкімінің орынбасары энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жануарларға арналған баспана салу бойынша ЖСҚ әзірлеу және бюджеттік өтінім дайындау тапсырылды. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері жануарларға арналған баспаналар салу үшін жер учаскелерін бөлуі қажет. Ал ветеринарлық ұйымдарға жануарларды есепке алудың бірыңғай базасын жүргізуге барлық қажетті ресурстарды дайындау ұсынылды.