Шығыс Қазақстан облысында" Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы " ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Шығыс Қазақстан облысында" Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы " ҚР Заң нормаларын түсіндіру

Ағымдағы жылғы 8 тамызда ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Р.Сағандықовтың төрағалығымен, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы

Р.Есмағұловтың, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және аумақтық инспекциялардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңның нормалары түсіндірілді, Заңды іске асыру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Бүгінгі күні ШҚО аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары әзірленді және мәслихатқа бекітуге ұсынылады.

Тарбағатай ауданында және Риддер қаласында уақытша ұстау пункттері жұмыс жасап тұр, қалған аудандарда жер учаскелері мен бюджет қаражатын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері баспаналар мен уақытша ұстау пунктерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуде.

Кеңес қорытындысы бойынша, ветеринария басқармасына зоологиялық қорғау ұйымдарының қатысуымен үй жануарларының есебін жүргізу мәселесін пысықтау ұсынылды.