
Ағымдағы жылдың 9 тамызында экология вице-министрі Әлия Шалабекова "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапары өтті.
Бірінші кезекте ұлттық парк ұжымымен танысу өтті, онда қазіргі таңда 56 адам еңбек етеді. Вице-министр, аталмыш ұжым туған өлкенің бірегей табиғатын сақтау бойынша қойылған міндеттерді абыроймен орындайтынына сенім білдірді.
Ұлытау ауданы әкімінің м.а. М. Оспанов қатысқан кеңес барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтың директоры А. Серкебаевтың мекеме құрылғаннан бері жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Бұдан басқа, қонақтарға ұлттық парктің туристік соқпағының маршруты, ұлттық парктің бекітілген эмблемасы және туы ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлытау" МҰТП 2021 жылдың 7 желтоқсанында құрылған болатын. Орталық Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде ұлттық паркті құру, экожүйелерді, Ұлытау тау-дала массивінің бірегей табиғи кешендерін қалпына келтіруді және сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, бұл өз кезегінде туристік әлеуеттің өсуін және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттырады.
Жиналыстан кейін топ ұлттық парктің аумағын аралап, Әулиетау туристік соқпағына барды.
Кеңес қорытындысы бойынша, ұлттық парк басшылығына 2022 жылдың соңына дейін қызметкерлер штатын толықтыру тапсырылды.