
Ағымдағы жылдың 9 тамызында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Г.Әбдіқалықовтың төрағалығымен, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және зооқорғаушы мекеме өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Жиында “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңды іске асырудың ағымдағы мәселелері талқыланып, депутаттардың, зооқорғаушылардың, жұртшылықтың ұсыныстары тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдіктеріне 12 тамызға дейінгі уақытта, уақытша ұстау пункттері мен жануарларға арналған баспаналар салу үшін жер учаскелерін бөлу тапсырылды, сондай-ақ иесіз үй-жайларды осы мақсаттарға беру бойынша тапсырма берілді.
Ветеринария басқармасы жұртшылықпен бірлесіп, жануарларды аулау, жансыздандыру, уақытша ұстау, стирилазициялау және вакцинациялау қызметтері бойынша есептерді әзірлеуі қажет.