
2022 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері вице-министр А.Шалабекованың басшылығымен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру барысында туындаған мәселелерді талқылау үшін Қарағанды қаласына барды.
Кеңесте жергілікті атқарушы органдардың жаңа заңнамалық нормаларды іске асыруға дайындығы туралы айтылды. Онымен қатар депутаттардың, зооқорғаушылардың және жұртшылықтың ұсыныстары тыңдалды.
Жиналыстан кейін жұмыс тобы "У Рыжьего Кота" жануарларды сауықтыру орталығына және "Альва" жануарларға арналған жекеменшік баспанасына барды. Оның нәтежиесінде аталмыш нормаларды іс жүзінде іске асыру және әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді нақтылау және түзету бойынша одан әрі бірлескен жұмыс жүргізуге келісімге келді.