Экология министрлігінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңының орындалуы барысы талқыланды

Экология министрлігінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңының орындалуы барысы талқыланды

2022 жылдың 1 тамызында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Шалабекованың төрағалығымен «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңының орындалуы барысын талқылау мақсатында кеңес өтті. Оған Орман шараушылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты.

Жиында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруда жергілікті өкілді органдардың нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау мәселелері, жануарларды уақытша ұстау изоляторларын салу, оларға баспана салуға жер телімін беру және қаражат бөлу сұрақтары қаралды.

Вице-министр, бүгінгі күні жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру ережелерін, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін маслихат қабылдамағандығын атап өтті. Осыған байланысты, аталмыш бағыттағы жұмысты күшейту ұсынылды.

Атап өту керек, қазіргі таңда, жануарларды зарарсыздандыру тек

Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында іске асырылады. Ал 17 облыстың 14-інде уақытша ұстау изоляторы жоқ.

         Сонымен қатар, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңын іске асырудың оң нәтежиелері де атап өтілді – Нұр-сұлтан қаласында, Жамбыл, Қостанай облыстарында.

Министрлік акиматтарға халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу бойынша ұсыным тастады.

Сондай-ақ, әр тоқсан сайын Заң нормаларының іске асырылуы туралы ақпарат беріп отыру  және үй жануарларының санағына дайындықты  бастау қажет, ол жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы барлық мәселелерді қамтуы керек.