2284 дана киік мүйізі тәркіленді

2284 дана киік мүйізі тәркіленді

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні 15 сағат 06 минут шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ҰҚК және "Охотзоопром "ӨБ" РМК инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьер ұстады. Олар БҚО, Алматы облысы және ҚХР тумалары. Іздеу барысында 2284 дана мүйіз табылып, тәркіленді, олар 26 қорапқа бөлініп салынған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.