ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 05 наурыздағы бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру туралы Қағидаларының» 29 және 53-тармақтарына сәйкес және 2022 жылғы 19 және 20 шілдедегі «Көлсай көлдері» МҰТП РММ жер учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендер және конкурс өткізу бойынша келіп түскен өтінімдерді қарау бойынша құрылған комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің себепті жағдайлармен отырысқа қатыспауына байланысты комиссияның шешімі бойынша тендер және конкурс өткізілмеді деп танылды.
Осыған байланысты «Көлсай көлдері» МҰТП РММ тендер және конкурстың қайта өткізілетіні туралы хабарлайды. Түскен өтінімдер 25 тамыз сағ. 18.00 деиін орталық кеңседе қабылданады Тендер 26 тамыз сағ. 10.00 да конкурс сағ. 15.00 өтеді
Тендерге және конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мына мекенжай бойынша дейін қабылданады: Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы, Ұлтарақов көшесі, 48.
Тендерлік және конкурстық құжаттамалармен «Жас Алаш» республикалық қоғамдық саяси газетінің 23 маусым 2022 жылға № 48 (16751) санынан немесе www.kolsai-koldery.kz, https://www.gov.kz/memleket/entities/forest сайтынан таныса аласыздар.
Қойылатын талаптар және анықтамалар үшін телефон: 8-72 (777) 276-80, 2-76-73. e-mail: kolsai-07@mail.ru.