
Полиция қызметкерлері аталмыш азаматқа қатысты ҚР ҚК 407-2-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы “Үй жануарларын ұстау және серуендету, ҚР жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 36 жастағы ер адам оқушыға келтірілген залалды толық көлемде өтеуге, сондай-ақ өз еркімен итті ұйықтатуға міндеттелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласы, Степной-4 ықшамауданында 20 шілдеге қараған түні сағат 00:10 шамасында ит жасөспірімге шабуыл жасағаны белгілі болған.
Фото: pixabay.com