Қоңыр аю фототұзаққа ілікті

Қоңыр аю фототұзаққа ілікті

Көктемнің жаңбырлы күнінде қоңыр аю «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бейнетұзағына түсіп қалды. Видео наурыз айында түсірілген.

Соңғы жылдары үлттық парк аумағында аюлар жиі кездесіп жүр, олардың саны жыл сайын артып келеді. Қазір аталмыш аумақтағы аю саны шамамен 19-22 дараққа жетті.

Тяньшань қоңыр аюы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.