Ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және басқалар қатысты.
Turgensai - Іле-Алатау ұлттық паркінің картасындағы екінші визит-орталық болып табылады. Ол Алматыдан 80 шақырым қашықтықтағы Түрген шатқалында орналасқан.
Заманауи үлгідегі орталықта жергілікті саяхатшылар мен шетелдік меймандар ұлттық парктің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ «Turgensai» кешенінде дәріс залы, кәдесый дүкені, қоғамдық тамақтану пункті мен балалар алаңы бар.
Визит орталықтан бастап биіктігі 30 метр Аю сарқырамасына дейін жаяу жетуге болады. Сондай-ақ, туристерге "Қайрақты" сарқырамасы, Шынтүрген мүк шырша ормандары, Сиверс алмасының резерваты сияқты басқа да табиғи объектілер тиіп тұр.
"Ел басшылығы экотуризмді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі - бұл бағытта экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақтуризм және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Толыққанды туристік қызметтер көрсету үшін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымнан басқа, туристік инфрақұрылымды дамыту қажет. Алайда ең басты шарт биоалуантүрлілікті сақтау және табиғат объектілеріне экологиялық зиян келтірмеу болып табылады", - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Алдағы уақытта мұндай визит-орталықтарды "Алтын Емел" және "Шарын" ұлттық парктерінде де ашу жоспарлануда.