
Ағымдағы жылдың бірінші шілесінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің комитет төрағасының төралығымен кеңес өтті. Жиында жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын, атап айтқанда Жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру қағидаларын және Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын іске асыру барысы талқыланды. Кеңес отырысына ЖАО, БАҚ, зоологиялық ұйым өкілдері онлайн қатысты.
ЖАО басшылары қағидалардың жобалары әзірленіп, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтіп жатқанын, нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік органдардың сайттарында көпшілік талқылауы үшін орналастырылғанын атап өтті.
Жиынға қатысқан зооқорғаушылар (З.Савенкова, Д.Кеңес, Н. Уголькова, Ж. Исингарина) ұсыныстар мен ескертулер енгізді, олар назарға алынатын болады.
Кеңес қорытындысы бойынша Комитет басшылығы, Комитет мамандарына қаңғыбас иттерді аулау кезінде пневматикалық қаруды қолданудың орындылығы туралы мәселені пысықтау бойынша хаттамалық тапсырма берді.
ЖАО-ға Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, Үй жануарларын серуендету қағидаларын қабылдауды жеделдету бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ әзірленген нормативтік-құқықтық актілер туралы, жануарларға арналған баспаналар құру мәселелері бойынша, Жануарларға жауапкершілікпен қарау Заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек екендігі айтылды.
Сондай-ақ арнайы чат құрылды, онда ЖАО өкілдері сұрақтарын қойып, ақпарат алмаса алады, бұл ЖАО нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу мәселесін тездетуге ықпалын тигізеді.
ЖАО және жұртшылыққа "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жалғасуда.