БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА "БӨКЕЙОРДА ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ МЕН АЩЫӨЗЕК ТАБИҒИ ҚАУМАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА "БӨКЕЙОРДА ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ МЕН АЩЫӨЗЕК ТАБИҒИ ҚАУМАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Киіктердің дүниежүзілік таралымының 90%-дан астамы Қазақстанда мекендейді. Олардың - Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді үш популяциясы бар.

Бүгінде Орал популяциясының саны 801 мың басты құрайды. Бұл жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігінің артуына алып келді. Сондай-ақ, ақбөкендер ауыл шаруашылығы дақылдарын таптап жатыр.

Киіктердің ауыл шаруашылығына тигізетін зиянын барынша азайту және  ақбөкендердің  Орал популяциясының мекендеу аумағын сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты (бұдан әрі – резерват) және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – қорық) құрылды.

«Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалының ауданы 314504,1 гектарды, "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды.

Жоғарыда аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында орналасқан.

Сондай-ақ,  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, ҚБСА (Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы) және Ұлыбритания құстарды қорғау корольдік қоғамы (RSPB)  арасында келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында резерват қызметіне қаржылық қолдау және ғылыми сүйемелдеу көрсетілетін болады.

Фото: El.kz