МАҚСАТ–ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

МАҚСАТ–ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Ә.Шалабекова қызметтік іссапармен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына барды.

     "Семей орманы" резерватының Жаңасемей филиалына қарасты  Подгородний орманшылығының II типті ОӨС және өрт-бақылау мұнарасының жұмысымен,  орман өртімен күрес жүйесімен,  туристік және рекреациялық қызмет атқаратын туристік соқпақпен танысып, орман аумағында орналасқан  демалыс орындарын аралап шықты.

Қонақтар "Святой ключ" туристік маршрутымен танысып,"Сфера" демалу алаңқайына да барып қайтты.

Осы сапар барысында еліміздің шығысында орналасқан Батыс Алтай  және Марқакөл қорықтары мен Катонқарағай ұлттық паркінде болған Ә.Шалабекова  туристік бағыттар мен соқпақтар жасау, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рекреациялық қызметтер үшін тиісті инфрақұрылым құру, туристік бағыттар мен соқпақтардың эстетикалық сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізу арқылы ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтарды рекреациялық қажеттіліктерге дұрыс пайдалану керектігін  атап өтті.