Ағымдағы жылдың 26 маусымында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығына жұмыс сапары өтті. Іссапар барысында биологиялық әртүрлілікті қорғау және зерттеу, сондай-ақ қорықта экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Смарт-патрульдеу аясында күзет әдістемесіне жаңашылдықтар енгізілуде-фото-бейнекамерасы бар пилотсыз ұшу аппараттары, фотоқақпандар, алыстан әрекет ететін, түнгі көру режимі бар құрылғылар қолданылуда. Бұл қорықтың барлық аумағына жүргізілетін мониторингтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Туристерді тарту мақсатында, қорық директоры Тимур Айкенев келушілерге балық аулау мүмкіндігін "ұстап алды – жіберді"форматында ашуды ұсынды.
"Туризм, қорық пен ауданды дамыту ресурстарының бірі болып табылады. Сондықтан, келушілер үшін балық аулау мәселесі қаралатын болады",-деп атап өтті вице-министр.