
Ағымдағы жылдың 25-ші маусым күні "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік маусымының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға – ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев, Орман шаурашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Н.Қылышбаев, CҚО әкімінің орынбасары Д.Жандарбек қатысты.
Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Жиында Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту мәселелері қаралды, әсіресе, инфрақұрылымды (автожол, электр, сумен жабдықтау және су бұру) дамытуға аса мән берілді. Ұлттық парк территориясы аумағында 17,5 шақырым жол салу жоспарлануда, сондай-ақ Шалқар көлі аумағына ұялы байланыс жүргізілетін болады. Комитет төрағасы Имантау-Шалқар курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарланған іс-шараларға толық жауап берді. Н.Қылышбаев "Көкшетау"МҰТП-ны дамытудың Бас жоспарының бекітілгендігі туралы хабарлады.