ЖАБАЙЫ ҚАБАНДАР ОТБАСЫ ФОТОТҰЗАҚҚА ТҮСТІ

ЖАБАЙЫ ҚАБАНДАР ОТБАСЫ ФОТОТҰЗАҚҚА ТҮСТІ

Қыстан аман шыққан торайлар «Алтын-Емел» ұлттық паркінде серуенге шыққан. Видео осы жылдың сәуір айында түсірілген,  қабандар бұлаққа су ішу үшін емес, батпаққа аунау үшін келген. Осылайша  аңдар кенелерден қорғанады.      

Ұлттық саябақта 100-ден астам жабайы қабан мекендейді. Бұл жануарлар күніне орта есеппен 4-5 мың калория азық жейді, тамақтың иісін  бес шақырымнан астам қашықтықтан сезеді.