ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНЕ ІС-САПАР ӨТТІ

ІЛЕ-АЛАТАУ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНЕ ІС-САПАР ӨТТІ

17 маусым күні ұйымдастырылған іс-сапарға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму Бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Уша Рао Монари мен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беріш қатысты.

Қонақтар Аюсай шатқалы мен сол жерде орналасқан Ақпараттық келу орталығын аралау барысында оның жұмысымен танысты. Келушілерге ұлттық парктің жер телімдерін рекреациялық және туристік қызмет үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берудің негізгі тәсілдері туралы ақпарат та берілді.

Жаһандық тұрақты туризм кеңесінің ұсынымдары мен тәжірибесі негізінде туристік қызмет саласындағы әртүрлі қызмет түрлеріне қойылатын талаптар мен критерийлері бар BIOFIN жобасы аясында әзірленген экологиялық туризмнің ұлттық стандарты жобасының маңыздылығы атап өтілді (GSTC).

Ұлттық паркте қар барысын сақтау, экологиялық туризмді дамыту және генетикалық ресурстарды сақтау мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ орман экожүйесін сақтау бойынша ГЭФ/БҰҰДБ жобасы шеңберіндегі серіктес ұйымдардардың (Іле Алатауы ұлттық паркі және Қазақстан Республикасы Зоология институтының Барыс орталығы) ағымдағы мәселелері бойынша презентациялары жасалды. Баяндамаларда Ұлттық парктің қызметі және жаңа технологияларды (фотокамералар, дрондар, спутниктік мойынсұңғыштар) пайдалана отырып, қар барысы популяциясының жай-күйін және оның қоректік базасын зерттеу мен мекен ету ортасын зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар атап өтілді. Биоматериалдардың генетикалық талдауы мен барыстың экожүйелерінің ландшафтық басқару жоспарын әзірлеу кезінде оның тіршілік ету ортасын болжау жұмысы үлкен қызығушылық тудырды.