«ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ» ЗАҢНАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЛГОРИТМІН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

«ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ» ЗАҢНАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЛГОРИТМІН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫНА ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Аталмыш жиын ағымдағы жылдың 16 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрігінің ұйымдастыруымен өтті. Оған жергілікті атқарушы орган, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, блогер, зообелсенді Исингарина Ж.С., «INUCOBO» жануарларды қорғау қауымдастығы,  «Animal Law» комитет мүшесі Сарсенова Л.Х. қатысты.

    Жиында қаңғыбас және иесіз иттердің санын реттеу, оларды ұстау, асырау, жансыздандыру сұрақтары қаралды.

      Сондай-ақ иттер мен мысықтарды аулау, вакцинациялау, зарарсыздандыру қызметтеріне мемлекеттен қаржы бөлу, иттерге арналған баспана үшін жер телімін беруге жәрдемдесу және қолданыстағы жекеменшік жануарлар панасын қаржыландыру мәселелері қаралды.

        Сонымен қатар, жануарларды ұстау, оларды уақытша қамтамыз ету, жансыздандыру және үй жануарларын күту мен серуендету қағидалары бойынша нормативтік қүұқықтық актілері жобасының статусы жайлы айтылды.

        Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

       Өз кезегінде Министрлік «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына түсіндірме берді – жануар адамға шабуыл жасаған болса немесе адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік бұзылса, олар жансыздандыруға жатады.

         Жиынды қорытындылай келе, ЖАО ұсыныстарын ескере отырып, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» Заңнамасын іске асыру бойынша бекітілген алгоритмді жергілікті атқарушы органдарға жіберу керек деп шешілді.