
Ботаника және фитоинтродукция институты Young Citizen Scientists жобасын іске асырып бастады. Бүгін бірінші сабақ өтті.
Жобаның алғашқы күні, қатысушылар институттың әртүрлі зертханаларының ғылыми қызметкерлері дайындаған білім беру бағдарламасымен танысты, олар:
Осының ішінен жобаға қатысушылар өз бағыттарын таңдады. Алдағы уақытта, 3 ай ішінде оқушылар зертхана жұмысымен танысып, олар жайлы теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды да алады. Сабақтар Бас ботаникалық бақта аптасына екі рет өтпек. Жоба соңында әрбір қатысушыға сертификат берілетін болады.
Еске сала кетсек, жобаға іріктеу бір айға созылды. Оған қатысу үшін, жасы 13-ке толған мектеп оқушылары эссе жазған болатын. Нәтижесінде Алматы қаласының әртүрлі мектептерінен 36 оқушы іріктеліп алынды.
«Жас ғалымдар мектебі» жобасы, ботаника және фитоинтродукция институты мен Бас Ботаникалық бақтың 90 жылдығын мерекелеуге орайластырылған іс-шаралар шеңберінде іске асып отыр. Оның мақсаты – мектеп оқушыларының қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тереңірек меңгеруге, ботаника ғылымы саласында теориялық білім мен практикалық зерттеу дағдыларын алуға қызығушылықтарын арттыру.