
Жиынға жергілікті атқарушы орган онлайн режимінде қосылды.
Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің мамандары, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуші ретінде оған түсіндірме берді – жануарларды аулау, уақытша ұстау, жансыздандыру ережелерін, сонымен қатар үй жануарларын ұстаудың, оларды есепке алудың, серуендеудің типтік ережелерін, қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру ережелерін түсіндірді.
Жануарларды жансыздандыру-олар қауіп тудырған жағдайда, қоғамдық тәртіпті бұзса немесе жануарлардың жұқпалы ауруын алдын алу мақсатында рұқсат етіледі.
Оларды аулау жеңілдетілген түрмен, яғни жануарларға қауіп төндірмей, жүргізілетін болады, соның ішінде қозғалтуын тежейтін препараттар қолданылуы мүмкін.
Экология Вице-министрі Әлия Шалабекова, бірыңғай бюджеттік сыныптамаға толықтырулар енгізілгенін атап өтті, оған 6 бюджеттік бағдарлама қосылған – олар жануарларды вакцинациялауға, зарарсыздандыруға, аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға бөлінетін болады. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топқа жататын адамдарға, үй жануарларын идентификациялауға мемлекеттен қаражат бөлінбек.
Вице-министр Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.