
Орман бірінші маусым күні сағат 13-05-те тұтанған болатын. Болжамды себебі - найзағай разряды. 25-27 м/с соғып тұрған екпінді жел, өрт аумағының үлкейуіне әкеліп соқты. Жалын 250 гектар жерді шарпыған.
Оны ауыздықтауға 323 адам, 78 бірлік спецтехника жұмылдырылды. Нәтижесінде 2 маусым күні өрт толыққанды ауыздықталды.
Жалпы өртенген аумақ өрт оқшаулағаннан кейін нақтыланатын болады.