
Шығыс Қазақстан облысы «Семей орманы» мемлекетттік орман табиғи резерватының Жаңасемей филилалында орман өрті орын алды. Болжамды себебі - найзағай разряды. Қәзіргі уақытта шамамен 100 гектар аумақ жалынға оранған. Өрттің шығуы сағат 13-05-те тіркелді, қазір өрт сөндіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Оған 70 адам орман күзеті, 23 өрт сөндіру көлігі, 2 шағын орман өртін сөндіру кешені, арнайы 4 трактор және 3 УАЗ автокөлігі жұмылдырылған. Желдің ұлғаюы өрт сөндірушілерге кедергі келтіруде – су төгетін құрылғысы бар 1-ші санатты МИ-8 тікұшағының ұшуы мүмкін емес болып тұр.
Өрттің сөнуі жайлы ақпарат тағы берілетін болады.