ЖЕКЕШЕ ОРМАН ӨСІРУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ

ЖЕКЕШЕ ОРМАН ӨСІРУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ

     Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту» және «Шығындарды өтеудің экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі»  жобаларына  өзгеріс енгізуді ұсынды. Ұсыныс а.ж. 31 мамырында өткен дөңгелек үстел аясында талқыланды. Оған 60 адам қатысты – олар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері, аумақтық және  жергілікті атқарушы орган, GIZ, қоғамдық ұйым өкілдері, ҰКП «Атамекен», жекенменшік питомник иелері.

Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау:

      1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін);

      2) жекеше орман питомниктерін құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейін) арқылы жүзеге асырылады.

Осы жылы жеке орман алқабын өсіруге ынталандыру мақсатында республикалық бюджеттен 707 млн.тг. бөлінді.