ЖОЛБАРЫСТЫ ЖЕРСІНДІРУ ҮШІН ИНСПЕКТОРЛАР АРНАЙЫ ОҚЫТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ЖОЛБАРЫСТЫ ЖЕРСІНДІРУ ҮШІН ИНСПЕКТОРЛАР АРНАЙЫ ОҚЫТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Елімізде жолбарысты жерсіндіру үшін инспекторлар арнайы оқытылатын болады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова арнайы ұйым өкілдерімен өткен кездесу барысында мәлімдеді.

 Жиынға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Балық шаруашылығы комитетінің, сонымен қатар, Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) Орталық Азия бағдарламасы, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы өкілдері қатысты. Кездесу барысында жолбарысты рейнтродукциялау бойынша атқырылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Нақтырақ айтсақ, «Іле-Балқаш» резерваты аумағына жолбарыс жіберілгеннен кейін, ондағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыртқыш жануардың елді мекендерге кіріп кетпеуін қадағалайтын инспекторларды оқыту және жолбарыстың  азық базасын қалыптастыру жұмыстары пысықталды. Сондай-ақ, болашақта жолбарыстар мекендейтін аумақта балық шаруашылығы қызметі бойынша мәселелер қаралды.

 Кездесу соңында вице-миниср «Іле-Балқаш» резерваты аумағында кешенді зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, жергілікті тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі