МАРАЛ АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

МАРАЛ АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

2022 жылдың 27 ақпанында Алматы облысында Охотзоопром инспекторлары марал атқан браконьерлерді ұстады. Охотзоопром инспекторлары Сүмбе шекара қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп табиғатты қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізген болатын. Рейд барысында инспекторлар Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында Шкода және Хонда автокөліктерін тоқтатып, тексеру жүргізген.

Нәтижесінде Шкода автокөлігінен боршаланған марал етіне ұқсас аңның ұшасы табылды. Сондай-ақ, 308 калибрлі Вепрь мылтығы мен патрондары, 7.62 калибрлі қосымшасы бар бір ұңғылы және 16 калибрлі Иж-27 мылтығы, патрондары жоқ карабин анықталды.

Заңсыз аң атқан Раймыбек ауданының екі тұрғынының үстінен ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі