
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН 20 БАС АРҚАРДЫ АУЛАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЖОҚ
Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында аулау үшін ғылыми негізделген қорытынды, экологиялық сараптама қорытындысын алу қажет. Соның негізінде Қоғамдық сараптама кеңесімен және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Үкімет шешімінің жобасы дайындалады.
Осыдан кейін ғана сирек кездесетін жануарларды аулауға ҚР Үкіметі қаулысының жобасы ҚР Үкіметінің шешіміне жіберіледі. Сондыққтан, биологиялық негіздемесіз және эколгиялық сараптаманың оң қорытындысыз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сирек кездесетін жануарларды аулауға рұқсат етілмейді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 бас арқарды аулауға рұқсат берілген жоқ.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі