АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТҚАН БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

2022 жылдың 21 ақпанында Алматы облысында Охотзоопром инспекторлары 2 қарақұйрық атқан браконьерлерді ұстады. Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аумағында жедел іс-шара жүргізген инспекторлар Бозой ауылы маңында «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде автокөлік ішінен 2 қарақұйрықа ұқсас аңның ұшасы, сайга және вепрь аңшылық мылтықтары анықталды.

ҚР Қызыл кітабына енген аңды атқан Алматы қаласының екі тұрғынының үстінен ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға тыйым салынған.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

https://www.youtube.com/watch?v=3vZlCt_aEZI