
ҚР ЭГТРМ вице-министрі Әлия Шалабекова мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев іс-сапармен Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Сапар барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Александр Милютинге орман шаруашылығы мекемелерінің жұмысын көрсетті. Делагация «АБД-Орманы» ЖШС аумағына болып, жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Мәжіліс депутаты орман өнімдерін қайта өңдеу өндірісін көріп, жұмысшылардың қызметіне оң бағасын берді. Сондай-ақ, өңірдегі ботаникалыққ бақты аралап, балық питомнигінің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, делагацияның жұмыс сапары Ақмола және Қарағанды облыстарында жалғасады.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі