
Әңгіменің әлқисасын арғыдан тартсақ, 2019 жылы 7 кыркүйекте Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Дәнекер-Жол» ЖШС-не №:KZ27VCZ00377817 ІІ,ІІІ,IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берді. Сонымен қатар, басқарма бір мезгілде Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Бектау кен орнында магмалық жыныстар (туфтар) өндіру үшін «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын шығарды. Бұл қорытындының қолданылу мерзімі 2020 жылдың соңына дейін жарамды болды.
Жобаға сәйкес, жоспарланған жұмыстардың аумағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорына жатпайды. Сондай-ақ, табиғи, тарихи, сәулет және мәдени ескерткіштерге, қорғандарға, қорықтарға зиянын тигізбейді.
Тағы бір айта кететіні басқарма «Дәнекер-Жол» компаниясына Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округінде орналасқан «Бектау» кен орнында магмалық жыныстар (туфтар) өндіру кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау жұмыстарына 2020 жылы №:KZ64VCZ00757973 IV санаттағы объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатпен бір мезгілде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын берді. Рекультивациялау жұмыстары 2022 жылға жоспарланған болатын.
Бүгінгі күні «Дәнекер-Жол» компаниясына қолданыстағы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары және өндіру жұмыстарын жүргізу үшін карьерге қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат жоқ.
Ақтоғай ауданында орналасқан Бектауата мемлекеттік табиғи қаумалы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауында және қорғауында болатын республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ екенін айта кеткен жөн.
ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақта олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.
Осыған байланысты «Дәнекер Жол» компаниясына Бектауата мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында қандай да бір жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
Бектауата мемлекеттік табиғи қаумалы ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан қандай да бір жұмыстар жүргізу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган компанияға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайтын болады.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі