
Шаған өзенінің бойында спорт кешенінің құрылысын жүргізу мақсатында алаңдағы ағаштарды кескендердің әрекеті эко белсенділердің наразылығын тудырған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz. сайтында жарияланды. Аталған мәселе бойынша ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты Батыс Қазақстан облыстық аумақтың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясынан арнайы комисия құрылып, ертең тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша хабарланады.
ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі