Орны толмас азамат еді

Орны толмас азамат еді

Кәрібаев Сүйіндік Амангелдіұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Сүйіндік Амангелдіұлы 1965 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Марқұм 2021 жылдан бастап «Охотзоопром» РМКК Орталық өңірлік филиалының механигі болып жұмыс істеді. Сүйіндік Амангелдіұлы еңбекқор, қызметіне өте тиянақты білікті маман болды.

Сүйіндік Амангелдіұлы әріптестерінің ортасында сыйлы еді. Ол аз ғана уақыт ішінде жас мамандарға білгенін үйретіп, жол көрсете білді.

Өзімнің атымнан, және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті атынан Кәрібаев Сүйіндік Амангелдіұлының жақындары мен ағайын туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Н. Қылышбаев